Гүл
Бұл бетте «Гүл» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талайлар мені елжіреп, құрметтейтін,
Үйіріліп маңайымнан бір кетпейтін.
Бәрі де жұпар аңқып тұрғанменен
Көтерер көңілді бір гүл жетпейтін.
Қайырмасы:
Әнімен, жанымен де егілетін,
Ашылып, шашылып та төгілетін.
Қанша жан мені қоршап жүргенменен
Бәрібір біреу жоқтай көрінетін.
Күндіз-түн сол жоғымды іздейтінмін,
Таппасам, маған өмір мұз дейтінмін.
Кетсе де жолдар ұзап, жылдар ағып,
Мен одан күдерімді үзбейтінмін.
Қайырмасы:
...Сенбісің сүйікті жан – мен іздеген
Жерменен, аспанменен, теңізбенен.
Сенбісің қиялдағы ақ қайыңым
Әлі де жапырағын жел үзбеген.
Қайырмасы:
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі