Дәурен-ай

Бұл бетте «Дәурен-ай» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Армысың, аманбысың, күлімкөз еркем,
Көктемде шешек атқан гүлдей көркем,
дәурен-ай.
Бойында бір міні жоқ ақ періштедей,
Бағына тап боларсың кімнің ертең,
сәулем-ай.

Қайырмасы:

Мөлдіреген қара көзің,
Балдай тәтті айтқан сөзің,
Шіркін-ай, дәурен-ай,
Дәурен-ай, сәулем-ай,
Ақ жүзіңнен таң атқандай
Алтын нұрдан жаратқандай,
Бір өзіңе жақын келіп, жақын келіп,
Жүрген жанда арман бар ма,
сәулем-ай.

Еркінен айрылғандай қараған адам,
Ақ бетің, алаулаған, албыраған,
дәурен-ай.
Сәбидей сенген мынау кең дүниеге
Көзіңнен айналайын жаудыраған,
сәулем-ай.
Сендей бір жан болар ма мынау ғаламда,
Тұратын жарық беріп бар адамға,
дәурен-ай,
Жүретін жадыратып жан-жүрегіңді
Жалт етіп жанарыңмен қарағанда,
сәулем-ай!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәурен-ай өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Дәурен-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәурен-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәурен-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері