Бұл бетте «Сағыныш» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 01.10.2024
- 0
- 0
- 1029
Көктемнің балғын күнінде
Жағаға келіп жаттым да,
Саусағым басы дірілдеп,
Атыңды жаздым ақ құмға.
Білмедің, бірақ сен оны,
Ол жайды ешкім білмеген.
Сол күні тентек жел қолы
Жасыра салған құмменен.
Қоштасып қырлар көп гүлмен,
Жер бетін қырау жапқанда,
Атыңды жазып кеттім мен
Алғашқы жауған ақ қарға.
Түспеді көзің оған да,
Саған да, бірақ жоқ өкпем.
Сол күні соққан боранда
Қар басып қалған кенеттен.
Гүл жапты талай белеңді,
Бұрқады талай ақ боран.
Атыңды сенің мен енді
Кеудеме жазып сақтағам.
Сақтаулы сонда бейнең мен
Сонау бір нәзік күлкің де.
Енді оны менің кеудемнен
Өшіру, сірә, мүмкін бе.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі