Бұл бетте «Комсомол» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2963
Жатыр еді ол анкетін
Жаңа қолға ап толтырып.
Қағылды дабыл. Аттанды,
Шабуылға қол тұрып.
— Тыңда, жолдас комсорг,
Барам билет ала алмай.
Комсомол деп санаңыз,
Қалсам егер оралмай.
Аяқталмай қалды анкет,
Отпен ойнап ол кетті.
Қанды майдан алаңын,
Қара дауыл тербетті.
Қалған жерін анкеттің,
Толтырды ол қанымен,
Жазбаса да арызын,
Айтып кетті арымен.
1949
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі