Арман тауға барасың ба? – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Арман тауға барасың ба?» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сені іздедім, көп іздедім
Нұр жамылған қырларымнан.
Алматының гүл бағынан,
Алатаудың шыңдарынан.

Қайырмасы:

Өтті ғой талай жылдар,
Гүлге оранып белдерім.
Жаралған аппақ нұрдан
Аққу құсым сен бе едің?

Шарладың ба арман үшін,
Аққу болып самғау үшін.
Бір көрінбей, қалқатайым,
Қайда жүрсің, қайда жүрсің?

Қайырмасы:

Ақша бұлттың арасында
Ақ қанатын қағасың ба?
Алатауға, арман тауға
Бірге самғап барасың ба?

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері