Ақжайық арулары – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ақжайық арулары» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көктемде – Ақжайықтың жағасынан,
Жайқалған тал-қайыңдар арасынан.
Көрдің бе ақ періште аруларды
Жас гүлдей жұпар шашып, жаңа ашылған.

Қайырмасы:

Айналдым дарқан жерім,
Шалқыған шалқар көлім.
Тартты ма бір өзіңе
Қарғашым, қалқам менің, қалқам менің.

Көктемде – Ақжайықтың алабынан,
Жаралған жібек мінез самалынан.
Көрдің бе ақ періште аруларды
Жан толқыр жаудыраған жанарынан.

Қайырмасы:

Жанары жаутаңдаған қара көзім,
Аяулы Жайық та өзің, дала да өзің.
Толқытып жан жүйемді толғандырған –
Жар да өзің, жарық та өзің, дана да өзің.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері