Бұл бетте «Аға» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 18.10.2024
- 0
- 0
- 1085
Жүресің жанымда,
Сен менің көзімсің.
Өзіңсің бағым да,
Тауым да өзіңсің.
Әлпештеп, аялап.
Құшаққа алатын,
Өзіңсің, жан – аға.
Арқамнан қағатын.
Көрмесем-жабығып,
Іздеймін өзіңді.
Жүремін сағынып,
Бір ауыз сөзіңді
Шырқатып әнімді,
Гүл атқым келеді,
Тербетіп жаныңды,
Қуантқым келеді.
Өзіңдей өмірде
Аспадым, таспадым.
Көңілді жерім де,
Көгілдір аспаным.
Ырзамын тағдырға,
Жаным да шуақты, -
Ағам бар алдымда
Асқартау сияқты!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі