Бұл бетте «Ауыл азаматтары» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңменен бірге оянып,
Жарқырап күндей жанары.
Сәуле мен желге боянып,
Жаңғыртып жатқан даланы.
Қайырмасы:
Аялап әр күн сүйікті ел
Алысқа кеткен аттары.
Аяулы біздің жігіттер
Ауылдың азаматтары.
Аңқылдап шығар алдыңнан
Баладай нәзік жандары.
Жаралған кілең ақ нұрдан
Даладай дастарқандары.
Қайырмасы.
Бақыты сендер белдердің,
Тірегі сендер, бауырлар.
Азамат, асыл ерлердің
Жүрегі сендер, арулар!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі