Еділден өткенде
Бұл бетте «Еділден өткенде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Рауандап таң да атты,
Мен Еділден өткенімде.
Тұрды алдымда бір салт атты,
Қолын созып көкте күнге.
Қиялымен көкті кезген
Кең дүниені орағандай.
Оның өткір көздерінен,
Шашырап от тарағандай.
Ширатылған қара мұрты,
Қанатындай қыран құстың.
Қан майданғы жүзі айбарлы,
Жалтылдаған ақ қылыштың.
Күлімсіреп күншығыс жақ,
Келеді атып таңғажайып.
Таңды қарсыап бізбен бірге,
Ат үстінде тұр Чапаев.
1949
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі