Бұл бетте «Қайта оралған қаһарман» атты Сағи Жиенбаев жазған ерлік туралы өлең берілген.
Рақымжан Қошқарбаевқа!
Қайта оралмай кең жазира далаңа,
Көк жиекке жаутаңдаған анаға:
Ту құшақтап, тас түйін боп мәңгілік
Тұрып қала жаздадың-ау, жан аға!
Ел тілегін берді, ағатай, сұраған,
Сен де амансың, сен қадаған ту аман.
Бейбіт күннің рақатын қызықтап,
Ортамызда жүргеніңе қуанам.
Жаз өмірді достарыңмен бір көріп,
Жүрсің қазір жанарыңа нұр қонып.
Әлі күнге елестейсің, ағатай,
Алаулаған ал қызыл бір ту болып.
Ту құшақтап, тас түйін боп мәңгілік,
Тұрып қала жаздадың-ау, жан аға!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі