Бұл бетте «Жауынгер жыры» атты Сағи Жиенбаев жазған соғыс туралы өлең берілген.
Қара бұлт қарысып,
Қанатын жайғанда.
Ант беріп ел үшін,
Аттандық майданға.
Көрдік біз бейнесін
Қаралы аспанның.
Көрдік біз кеудесін
Жаралы тастардың.
Қайырмасы:
Сом болат денеміз
Шарпылсын жалынға.
Айқасқа енеміз
Алапат дауылда.
Қорғаймыз әрқашан
Ананың күлкісін.
Қорғаймыз әрқашан
Сәбидің ұйқысын.
Қас дұшпан ойрандап,
Жапырағын жайпаған.
Жасыл ну ормандар,
Жайқалды қайтадан.
Біз – Отан сақшысы,
Бейбітшіл халқымыз.
Жау тисе, талқандау –
Ежелден салтымыз.
Қайырмасы:
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі