Жауынгер жыры
Бұл бетте «Жауынгер жыры» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 26.10.2024
- 0
- 0
- 1013
Қара бұлт қарысып,
Қанатын жайғанда.
Ант беріп ел үшін,
Аттандық майданға.
Көрдік біз бейнесін
Қаралы аспанның.
Көрдік біз кеудесін
Жаралы тастардың.
Қайырмасы:
Сом болат денеміз
Шарпылсын жалынға.
Айқасқа енеміз
Алапат дауылда.
Қорғаймыз әрқашан
Ананың күлкісін.
Қорғаймыз әрқашан
Сәбидің ұйқысын.
Қас дұшпан ойрандап,
Жапырағын жайпаған.
Жасыл ну ормандар,
Жайқалды қайтадан.
Біз – Отан сақшысы,
Бейбітшіл халқымыз.
Жау тисе, талқандау –
Ежелден салтымыз.
Қайырмасы:
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі