Ұмытпаймыз мәңгілік – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ұмытпаймыз мәңгілік» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ағалар, мәңгі жас боп қаласыңдар,
Аспанда құспен бірге ағасыңдар.
Көктемде қызыл-жасыл гүлге айналып,
Кештерде жұлдыз болып жанасыңдар.

Қайырмасы:

Біргесіңдер елменен,
Біргесіңдер жерменен.
Жерде гүлдер өлмеген,
Көкте жұлдыз сөнбеген,
Біргесіңдер елменен!

Жүрсіңдер аналардың жанарында,
Жүрсіңдер балалардың қабағында.
Күзетіп тыныштығын дүниенің,
Тұрсыңдар атқан таңның алауында.

Қайырмасы:

Мәңгілік өшпейсіңдер бұл өмірде,
Мәңгілік көшпейсіңдер гүл-өңірде.
Ананың қаласыңдар тілегінде,
Даланың жанасыңдар жүрегінде.
Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері