Сталинград
Бұл бетте «Сталинград» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айнала жау анталаған,
От ішінде тұрды қала.
Дүние үмітін арқалаған,
Секілді еді бір мұнара.
Көшелердің жалтыр тасын,
Жапты жалын қанатымен.
Зеңбіректер атты жасын,
Қаптатып сел қара түннен.
Сол қалада сол бір күнде,
Таянышын тапты өмір.
Араласып зор дүбірге,
Айбатшеге ақты Еділ.
Ашып тастап от құшағын,
Келгенінде жау жалақтап.
Адамзаттың болашағын
Сол бір қала қалды сақтап.
1949
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі