Соғыс ардагерлері – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Соғыс ардагерлері» атты Сағи Жиенбаев жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жүр олар әр қалада, әр ауылда,
Қақталған қанды майдан алауында.
Лаулаған жалын от бар жанарында,
Жаумаған қалың бұлт бар қабағында.

Қайырмасы:

Айтатын жыр, әні бір
Аяулы асыл ағалар.
Жүрегінде бәрінің
Соғыс салған жара бар.

Біреуі жерді басып, жүре алмайды,
Біреуі күнді көріп, күле алмайды.
Қолы жоқ біреуінің, өмір бойы
Құшақтап жас сәбиін сүйе алмайды.

Қайырмасы:

Қайтса да туған жерге жеңіспенен,
Тағдырдың зәрі бар ма ол ішпеген...
Ескертіп жүреді олар – әр күн сайын
Мінекей, осындай деп соғыс деген.

Қайырмасы:

Балғын жүзі албырап алау атқан,
Балапандай қанатын жаңа қаққан.
Кім едің сен, қалқашым, кім едің сен,
Ақ сәулеге оранып бара жатқан?

Қайырмасы:

Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын.
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда,
Көз алдымда тұратын.

Аққуға ұқсап ойнаған айдын көлде,
Орамалың желбіреп таңғы желге.
Айдалада абайсыз жолыққандай
Жанарымнан жасқанып қалдың неге?

Қайырмасы:

Күнде алдымнан шығасың таң алдында
Ақша бетің албырап алау нұрға.
Кім едің сен, қалқашым, кім едің сен,
Арман үшін, әлде сен жаралдың ба?!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғыс ардагерлері өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Соғыс ардагерлері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соғыс ардагерлері өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Соғыс ардагерлері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері