Жиырма сегіз – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Жиырма сегіз» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
Жиырма сегіз қыранды
Жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрды Олар,
Жиырма сегіз шың болып.

Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырын
Ұмытпайды Ел мәңгілік!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері