Бір адам – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Бір адам» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өміріңде көңілің бір құлаған –
Көз алдында тұрады ылғи бір адам.
Алыста ма, жақында ма, кім білсін,
Бір адамның жүрегіңде жүр аман.

Көрінеді ол нұр шашырап өңінен,
Дем аласың соның ғана демімен...
Сеніменен бір жүзеді ол теңізде,
Аспанға да бірге ұшады сенімен...

Сенен басқа білмейді оны жан адам,
Сезбейді оны көрінбейді ал даладан.
Оның жайын білем деген болса егер,
Сұрасын тек жұлдыз бенен ауадан.

Мен білмеймін тазамысың күнәдан?!
Тірлік деген бұлтанақ та бұралаң...
Өміріңде аңсап қана жүретін –
Көңілінде тұру керек бір адам!...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері