Бұл бетте «Періште емес, пендемін» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 27.10.2024
- 0
- 0
- 1177
Періште емес, мен де өзгедей пендемін...
Көңілімде көктем гүлін тербедім.
Айдың аппақ сәулесіне аралас
Арулардың жұттым ыстық демдерін. 2 рет
Мен солардың жанарына жүгіндім,
Мен солардың алауына жылындым.
Бозбаланың иілмедім алдында,
Қыз-баланың қабағынан иілдім.... 2 рет
Біреу, бәлкім, көрер мені түсінде,
Сол баяғы алабұртқан пішінде.
Сол баяғы балғын күйде, кім білсін,
Жүргем шығар бір көздердің ішінде... 2 рет
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі