Тойбастар
Бұл бетте «Тойбастар» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 27.10.2024
- 0
- 0
- 1238
Ал, кәнеки, ағайын,
Асқақ әнге салайын.
Басы болсын бұл тойдың,
Шырқап-шырқап алайын.
Кеңейтейін әніммен
Көңіліңнің сарайын.
Жырым менің жылытсын
Жүректердің талайын.
Ақ сәуледей аралап,
Аспан астын жайласын.
Біздің әнге қосылып,
Бұлбұл құстар сайрасын.
Қансын әбден құмары,
Қарт көңілі жайнасын.
Қыздырыңдар думанды,
Қыз-жігіттер, қайдасың?!
Той кезінде, жас құрбым,
Жалтақтама, тайынба.
Тартқан күйің тамылжып,
Тіл бітірсін қайыңға.
Жасырынып қалмасын,
Жаныңдағы айың да.
Ән кезегі келеді,
Әндеріңді дайында.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі