Жар-жар – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Жар-жар» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қыздар:
Әлпештеген ортаңда
Бір бала едім, жар-жар,
Балалықпен бал дәурен
Құрған едім, жар-жар,
Құшағыңнан шынымен
Мені ұшырып, жар-жар,
Қаламысың қол бұлғап,
Туған елім, жар-жар.

Жігіттер:
Ұмыта ма ұясын,
Туған адам, жар-жар,
Кеудесіне қырмызы
Гүл қадаған, жар-жар.
Кетесің ғой онда да
Бауыр басып, жар-жар,
Бұл даладан, жар –жар

Қыздар:
Айналайын жан әкем
Анам менен, жар-жар,
Мен кеткен соң қызықты
Табар неден, жар-жар.
Болып па еді ой менде
Бір кездері, жар-жар,
Тастап кетіп, өзгеге
Барам деген, жар-жар.

Жігіттер:
Қызығы көп алдағы
Жолдың да асар, жар-жар,
Қызғалдақтай құлпырып,
Көңіліңді ашар, жар-жар,

Қос ардағым қалды деп
Нали берме, жар-жар,
Ата-енең бар олардың
Орның басар, жар-жар.

Қыздар:
Құшағы ыстық қайран дос
Сүйікті екен, жар-жар,
Бірге жүріп ортаңда
Біліп пе екем, жар-жар,
Құлын-тайдай бірге өскен,
Құрбы-құрдас, жар-жар,
Өздеріңді қалай мен
Қиып кетем, жар-жар.

Жігіттер:
Бұлбұл құстар көктемде
Талға қонар, жар-жар,
Тал болса да қоңады
Таңдап олар, жар-жар.
Сен секілді аққуды
Таңдап жүрген, жар-жар,
Сал жігіттің достары
Бар да болар, жар-жар.

Қыздар:
Талай ұл-қыз баурында
Өсіп- өнер, жар-жар
Бір балам деп аларсың
Есіңе, ел, жар-жар,
Бақыты боп біреудің
Жаралған соң, жар-жар,
Амалым жоқ, қайтейін,
Кешіре гөр, жар-жар.
Жігіттер:
Осыменен тамаша
Жетті дейік, жар-жар,
Ақ сұңқар құс ұшты да
Кетті дейік, жар-жар.
Ақ күн туып алдыңнан
Екеуіңнің, жар-жар,
«Қосағыңмен қоса ағар!» -
деп тілейік, жар-жар.


Пікірлер (1)

Өте жақсы өлен

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жар-жар өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Жар-жар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жар-жар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жар-жар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері