Ас-дәм – Ертай Ашықбаев

Бұл бетте «Ас-дәм» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Келмесе егер сабақта,
Шыбықтай боп майысқың,
Мән берген жөн тамаққа.
Мен де, міне, шай іштім.
Апам айтар әңгіме:
«Жақсы бала — тоқ бала».
Бәлішім де бар, міне,
Жедім аздап ботқа да.
Аман жетті асқар таң,
Таңды осылай бастадым.
Рахмет, дастарқан,
Азаймасын ас-дәмің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері