Бұл бетте «Ұқыптылық туралы ұғым» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әдепті істер — үйренерім,
Ұят — мінсіз бола алмаған.
Түгел менің түймелерім,
Үзілмеген, жоғалмаған.
Тәте сөзін құрметтеймін,
Мен тыңдамай, кім тыңдайды?!
Шалбарымды кірлетпеймін,
Қалталары жыртылмайды.
Салақтарды жақтырмаймын,
Ұнатарым — сәнді нұсқа.
Шешінгенде лақтырмаймын
Көйлегімді әр бұрышқа.
Шаң-тозаңды шақырмаймын,
Жолатпаймын үйіме мін.
Ертеңгісін қапылмаймын,
Мұнтаздай боп киінемін.
Жұрт салақты жаратпайды.
...Қарағандар маған мына,
Мектебімді мадақтайды,
Мадақтайды анамды да.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі