Жолда – Ертай Ашықбаев

Бұл бетте «Жолда» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жадырап тұр ТАҢ қандай,
Ұйқысы да қанғандай.
Алуан гүлдер жайнайды —
Мың бояуға малғандай.
Көтерілген КҮН қандай,
Бағыт сілтеп тұрғандай.
Басымыздан сипайды —
Жалындырмай, бұлданбай.
Арықтағы ШӨП қандай,
Аттап өттім тоқталмай.
Тамсанады төңірек,
Ән салады көп торғай.
Ән салады сізге арнай,
Дауыстарын қызғанбай.
...Әңгімемнің түйіні —
Бақыттымыз БІЗ қандай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері