Өлең, жыр, ақындар

20 жылдық кездесу. (Түлектердің кездесуі)

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

1. Өтсе де уақыт талай, нақтысы жиырма жылдай.
Жиналды бүгін бәрі ортадан ешкім қалмай.
Кешегі жас түлектер, бүгінгі ата-аналар,
Үбірлі-шүбірлі болып орындалған армандар.

Бұйырды бүгін міне, класстастар кездесуге.
Мектебім рақмет саған, Ұстазыма мың алғыс!
Інілі-ағасындай, қарыңдас-апасыңдай,
Жиналдық қайта бүгін, бір үйдің баласындай.
Қайырмасы.
Бүгіңгі жарқың кеште, классатстар кездесуде.
Ақ көңіл таза ниетпен, балалық шақтар есте.
20 жыл уақыт өтсе де, қоңырау үні есте,
20 жыл уақыт өтсе де мектептік күндер есте.

2. Жүргенде өмір құрап, жалт етті-ау уақыт зулап.
Болғандай кеше ғана бал даурен балалық шақ.
Бала достар,жан достар ескі достар,сырластар,
Бір партаның бетіне сурет салған құрдастар.

Болайық есен аман, өтсе де түрлі заман.
Үлкендер аман болып, ұрпақтар алсың Қамал.
Етейік осы кешті шулатып бір той-думан,
Жадыратып жүректі, марқайып бір қуаныштаң!
Қайырмасы.
Байгутов Ербол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

20 жылдық кездесу. (Түлектердің кездесуі) өлеңінің авторы кім?

Байгутов Ербол — осы өлеңнің авторы.

20 жылдық кездесу. (Түлектердің кездесуі) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

20 жылдық кездесу. (Түлектердің кездесуі) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Байгутов Ербол өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

20 жылдық кездесу. (Түлектердің кездесуі) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері