Не жомарт… Кім жомарт… – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Не жомарт… Кім жомарт…» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Не жомарт…
– Жер жомарт
Адамзатты асыраған.
– Не жомарт…
– Күн жомарт
Жерге нұры шашыраған…

– Кім жомарт…
– Ұстаз жомарт
Бар балаға тәлім берген…
– Кім жомарт…
– Батыр жомарт
Халық үшін жанын берген…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері