Бұл бетте «Үш дүлдүл» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 19.11.2024
- 0
- 0
- 1005
Би десе түсер ауызға
Қаз дауысты Қазыбек.
Айналған аты аңызға,
Диполмат әділ қазы боп.
Бергені тағдыр ғаламат
Төле бидей дананы.
Әр сөзін етті аманат
Жоңғарлар қысқан заманы.
Үшеудің бірі тең түскен,
Бар Әйтеке биіміз.
Түгел қамтып, кең пішкен,
Солармен, қазақ, іріміз.
Дербес ел болсақ азатшыл,
Аударып әлем назарын,
Үш дүлдүл айтқан ғажап сыр
Жадыңда жүрсін, қазағым.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі