Бұл бетте «Қазағымды көбейтейік осылай» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жыр жұлдызы «Жезкиігім» – күйлі ағын,
Күйлі ағында тапса шабыт құндағын.
Жәнібектің алпыс жылдық тойында
Үш ұл тапқан келініме сыйладым.
Бөгет болмас балалардың көптігі,
Балғын Бану сынақтардан өтті ірі:
Үш ұл және Жәнібекті бағып жүр,
Оған қоса: ұстаз, ғылым докторы.
Фазыл аға келінінің қосы бай,
Үш ұл үшін мадақтайық шошымай.
Үлгі алыңдар, келіндерім, Банудан,
Қазағымды көбейтейік осылай.
23.11.2008
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі