Асау жүрек тулайды сені көрсе – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Асау жүрек тулайды сені көрсе» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Асау жүрек тулайды сені көрсе,
Жүрер едік жұптасып жөні келсе.
Алшақ кеттік, тағдырдың бұйрығына
Қайран жүрек көнбейді көңіл көнсе.
Аппақ жүзің көзіме елестейді,
Сәтті елес ем болар кеңес дейді.
Ұмытар ем өзіңді, көркіңді де,
Ешбір әнші бір саған теңеспейді.
Айта алмадым сырымды жас шағымда,
Қағып кетті бір пысық қас қағымда.
Қай қияға кетсең де, бір мен үшін
Жұлдыз болып қалдың сен аспанымда.
Іздеп келсең ауылыма тойлы күні,
Сағынышты әніңнің жойды үні.
Бір көрудің өзі де бақыт екен,
Махаббаттың құшаққа толды гүлі.
Болдың тойлы қонақтар көш басында,
Ел тамсанды, асқақ ән тоқтасын ба?!
Суық хабар отырмын естіп бүгін,
Келіпсің ғой бір көріп қоштасуға.

2012.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асау жүрек тулайды сені көрсе өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Асау жүрек тулайды сені көрсе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асау жүрек тулайды сені көрсе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асау жүрек тулайды сені көрсе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері