Бұл бетте «Ән» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
4336
Жан жүйені ұйытқан.
Жалын қанат ән тәтті.
Суық күнде жылытқан
Сұр окопта солдатты.
Солдатпенен бір жүріп,
Берлинге де бір барған.
Дүние жүзін күлдіріп,
Жеңіс әні жырланған.
Қысқы суық іңірде,
Жылқышымен қыр асқан.
Жаздың жайлы түнінде
Қыз жанымен сырласқан.
Жан толқынын өрлетіп
Жарымдайсың сырлассам.
Жүрегімді тербетіп,
Бір қалмайсың жыр жазсам.
1950
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі