Ішінен тынып ел отыр – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ішінен тынып ел отыр» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Туса да елге азат күн,
Кіл таза сұмдық тұнып тұр.
Қойдай жуас қазақтың
Қасында қасқыр ұлып тұр.
Талапайға салып ауылды,
Әкетсе малын жан­жаққа,
Қалаға халық сабылды,
Атажұрт жүдеп аулақта.
Көбейді жебір парақор,
Жемқорлық туды сыбайлас.
Құрғанша елім қара тор,
Тапты олар ебін мұңаймас.
Шіріді балық басынан,
Бір Аллаға наз арттық.
Қажыгелдиндей тасыған
Премьерді тапты азаттық.
Балқашты банкрот еткені –
Алдамшы, арсыз өтірік.
Жезқазғанды сатып кеткені –
Басынғаны билеп кекірік.
Министр, әкім – қу жігіт,
Храпунов зытты шет елге.
Әбіләзов жүрсе бүлдіріп,
Әлиев естен кетер ме?
Бәрінің қалың қалтасы,
Есіріп, тойып, қуланған.
Қазақтың қыруар ақшасы
Шет елде жатыр ұрланған.
Опыра жеп жүрсе де,
Олигархтар мығым, кең отыр.
Осының бәрін білсе де,
Ішінен тынып ел отыр.

27.06.2013


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері