Гүл – құбылыс ғажайып – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Гүл – құбылыс ғажайып» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Гүл – құбылыс ғажайып,
Үлбіреп тұрған сұлулық.
Лебінен жаның тазарып,
Нәр берер іңкәр жылулық.
Аяла, ару қуансын,
Рахатқа батып тынарсың.
Ғашықтық отын жандырар,
Арнайы бір гүл жұларсың.
Гүл – өмірдің жұпары,
Үн бермей иісі бұрқырар.
Легін ару жұтады,
Нәзік жан сонда құлшынар.
Алланың берген сыйы бұл,
Рахматы жауған нұрлы гүл.
Ғаламат деген осы ғой,
Алдыңда сүйсе гүлді гүл.
Гүл тосайын, жан қалқа,
Үкідей көзді арбаған.
Лаулаған иісін бір байқа,
Наз туар жүзің жайнаған.
Аңсаған көңілі бір тынсын,
Рахатқа жаны ұмтылсын.
Кездесуге гүл апар,
Ажары ынтық құлпырсын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері