Тіршіліктің шаттығы
Бұл бетте «Тіршіліктің шаттығы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жан едік «сүйдім» деген сөзге берік,
Ұл туса, ұрпақ өсті көз кенеліп.
Қияға қыз ұшқанда өріс таптық,
Кенелдік келін түссе төрге келіп.
Қуандық шаттық көрсек жүлделеніп,
Алыста аты озғанды күндемедік.
Жалғанда көңіл жықпай өтейікші,
Күйінішсүйінішті бірге көріп.
Тіршілік жоқ екен ғой басқа мәні,
Біршілік бақыт жолын басқарады.
Бұлақтан бастау алса шалқар теңіз,
Отаудан Отанана басталады.
Сыйластық, қимастыққа жалықпадық,
Махаббат мәңгі екенін анықтадық.
Сүйікті ата болдық, ана болдық,
Құдағиқұда көріп шарықтадық.
Тілекті жақсылыққа бұра түсіп,
Құлшынсақ келешекке құрақ ұшып;
Жебесін құтты жолды періштелер,
Қайтайық немереге құда түсіп.
1998
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі