Тойымсыз «капиталист қазақтарай» –
Кәкімбек Салықов
Бұл бетте «Тойымсыз «капиталист қазақтарай»» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тойымсыз «капиталист қазақтарай»,
Көрінген көзімізге қылығы анық.
Көрсетіп жүр ғой олар ғажап талай,
Бар байлықты қалтаға тығып алып.
Өтпей тұр күндер әлі басымыздан
Жүзге бөліп қазақты жіліктеген.
Ат жалында өскен ел заты қызба,
Шоқпар сүйер, үйірген құрықпенен.
Жоқшылыққа табуды сабыр, шыдам,
Көп көрдім өзгелерден жүріп төмен.
Есік қаққан шошимын қайыршыдан,
Көптен ол көрер көзге ілікпеген.
Премьерлер бірбірлеп кетіп жатыр,
Кейбіреуі жымысқы бүлікпенен.
Тозған ауыл үндемей қалды ақыр,
Қолда азмаз, жұмыссыз, мүлікпенен.
Діндарлар көп тілеген бізге ақ жол,
Қаптап кетті арабтар, түрікпенен.
Бүлік десек ойлантар ілік тап сол,
Өз бастары ешқашан бірікпеген.
Таң жарық, ерте тұрып арай көрем,
Адуын асау аттай үрікпеген.
Аптықпай келер күнге қарай берем,
Үзілмеген ақ сенім, үмітпенен.
11.04.2002.
Мәскеу
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі