Бұл бетте «Қуанышы кеншінің» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қуанады кенші есенсаулыққа,
Емес қой ол жай дүрбелең даурықпа.
Бір толқымай қалай ғана шыдасын,
Шыңырауда тас қиратып, тау жықса?!
Той жасайды кен қызуы терлетсе,
Тар қойнаудан алтынжезді селдетсе.
Масаттанар екі қазба маңдайлас,
Қос үңгіме қылдай түзу кездессе.
Дәл сол жерге жиналады кеншілер,
Асқақтайды тәуекелшіл кең жігер.
Екі шахта дауылдатып думанды:
«Тойдың тойы болды бүгін!» – деп жүрер.
Қырға шықса,
Жер түбінен келгендей,
Қарсы алады жауды жеңген ерлердей.
Жан баурайды оркестрдің дүбірі,
Ел сәлемін әнге орап бергендей.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі