Вахш ағып барады
Бұл бетте «Вахш ағып барады» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Вахш ағып барады буырқанып,
Жасыру жоқ бойымда сезімді анық.
Сылаң қаққан қараймын бүлкіліне,
Тау ішінде жүр едім көзім талып.
Етекжеңі қыз толқын кең сияқты,
Қымсынады сұлудай ең зиятты.
Жай толқынды нән толқын ала тартты,
Сені әкеткен тасаға мен сияқты.
Көп шағала тынбайды шуылдасып,
Ақ қанаттар жайнайды нұрын шашып.
Бізді көріп әдейі әндетеді,
Саған айтар құпия сырымды ашып.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі