Керуенші келіншек
Бұл бетте «Керуенші келіншек» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақша жүзі қоңырқай,
Күйдіргендей күн ептеп.
Арбасына ақ бидай,
Атып жатыр күректеп.
Еңбегімен жүлдені ап,
Ел аузында жүр аты.
Сезілгендей бірден-ақ,
Қимылынан қуаты.
Қоңыраулы қос күрең,
Қояр емес жер тарпып.
Керіледі Қызыл Ту,
Жиектерін жел тартып.
Жазда баптап даланы,
Жүргенін біз көуші ек,
Керуен тартып барады,
Күзде со бір келіншек.
1950
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі