Рудакидің інісіне айтқаны
Бұл бетте «Рудакидің інісіне айтқаны» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Қатты кеттің, аға», – деп сөкпе мүлде,
Ойлансаңшы,
Жоқ дейсің өкпе кімде?
Аққа қара жаққыш деп естігенде,
Білу қиын ес шығып кеткенін де.
Ақпатөкпе мол екен тасынғаны,
Ұмытпадым тік жала басын да әлі.
Жарамады араздық еткізбеуге,
Жуан досың өсекшіл қасыңдағы.
Үлкендікті танымау – сүймейтінім,
Артымыздан кім алсын күлмей тыным.
Аңдап қара, бауырым, ақынмын ғой,
Алған беттен қайтуды білмейтұғын.
2003
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі