Памирдегі көрініс – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Памирдегі көрініс» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жоталар сансыз қаулады,
Кеткендей жерді тау басып.
Құлшынтып көзді жаулады,
Ақ басты құздар жалғасып.
Күн асықпай қызғандай,
Алыстан саспай атады.
Ұйқысын қимас қыздардай,
Маужырап шыңдар жатады.
Қарлы тау шетін мұз шалған,
Күн түссе аппақ етіне.
Көргенде мені қызарған,
Ұқсайды сенің бетіңе.
Ақ төсі жатқан бұлтиып,
Ашылды құзарт ақ маңдай.
Тауды тұр құшып, бұлт сүйіп,
Сен мені іздеп тапқандай.

1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Памирдегі көрініс өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Памирдегі көрініс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Памирдегі көрініс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Памирдегі көрініс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері