Бұл бетте «Ескенде тау ішінің ызғар лебі» атты Кәкімбек Салықов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Ескенде тау ішінің ызғар лебі,
Жылыттыау көздерімен қыздар легі.
Сұлулар жүзім терген тоқтай қалып,
Әнімнің бір үзімін тыңдар ма еді.
Ішімнен қайталаймын ырғағымды,
Табады домбырасыз кім бабымды?
Ақынның жүрегі де жершіл екен,
Сағынтты тауда жүрсем қырдағымды.
Ақ бұлтқа ұмсынғандай жаумай өтер,
Селк етіп қарамадыау таулар бекер.
Ақсары, аққу мойын, тостаған көз,
Қызынан Қызылжардың аумайды екен.
25.09.1983
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі