Анзопта көрген аруға
Бұл бетте «Анзопта көрген аруға» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Анзоптың қызы, ғажапсың
Жолаушы аздап наз артсын.
Сезімді сөзім жеткізіп,
Күдікті ойдан тазартсын.
Ажарың ерке, жайдары,
Жүректің төрін жайлады.
Жүзіңнен жүзім төгіліп,
Жібермей жіпсіз байлады.
Сөйтер ме едім жек көрсең,
Жетпеді шыдам өпкенше.
Шөлдемеспін мен енді
Ауылға есен жеткенше.
28.09.1983.
Душанбе
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі