Мақта терген нәзік қыз – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Мақта терген нәзік қыз» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақ алтын аппақ гүлдей өрнегін­ай!
Құтты жер шөлі қанып бергені бай.
Жем жеген құс тұмсығы сияқтанып,
Он саусақ дамыл таппай тергенін­ай.
Қара көз ақ ұлпаны баппен алар,
Әудемде үлп еткізіп қапқа салар.
Аққудың мойынындай ақ білегі,
Аршындап мырза атыз артта қалар.
Нәзік қыз, тәжік қызы көзі сенде,
Толқимын іштей сезім бөлісем де.
Тіл қатпай, алшақтамай жүре берем,
Жүректің лүпілімен терісем де.
Алтын күз...
Тыңдар шағы марапатты,
Алтын қыз ашты маған жаңа сәтті:
Көп қыздар ақ мақтаны жинап алып,
Әлемге ән төгілтіп бара жатты.

13.12.1983.
Душанбе


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері