Корректор

Бұл бетте «Корректор» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2150
Жас баладай жаңа ашқан әліппені,
Оқисың сен ежелеп әріптерді.
Саусағыңның отымен сәулеленіп,
Кітаптарым теріліп, жарық көрді.
Менен бетер мүлт кетсе мазаланып,
Менің үшін сен жүрдің жазаланып,
Қайта-қайта жөнделіп қалыпқа кеп,
Өз жаныңдай шықты өлең тазаланып.
Болсын дедің ой — айқын, сөз — ұғымды,
Елегіңнен өткіздім өз жырымды.
Жанардың да жарығы өлшеулі ғой,
Қалай сақтап қаламын көз нұрыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Корректор өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Корректор өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Корректор өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Корректор өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері