Аңсау – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Аңсау» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шөліркеген далама
Жаңбырлы бұлт болар ма ем,
Піскен кезде мол егін
Диқан болып орар ма ем.
Қайтқан құстар барады
Еділдетіп Оралмен,
Елге жетіп қалар ма ем,
Ере кетіп солармен.
Сағынғанда көрінер
Терезеден ауыл жақ,
Ол да қызық білгенге,
Ол да адамға тәуір шақ.
Самолеттер көктегі
Ұшса бұлтты бауырлап,
Ішінде мен жоқ болып,
Бара жатыр ауырлап.

1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсау өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері