Сүйіп қал – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сүйіп қал» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сурет қой тұрған алдыңда,
Көзіңді аш, жөндеп көріп қал.
Кездессе майса шалғында,
Алдында, мейлің, өліп­тал.
Шыбын жанды оған арнайын,
Сұлулық тәңірі осы ғой.
Сүйісу қажып­талмайтын
Қос ғашықтың досы ғой.
Тезірек жет сен аршынға,
Жүзінде ынтық күйік бар.
Иіскеме,
Сен малсың ба?!
Армансыз жылдам сүйіп қал.

1983.
Душанбе


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері