Бұл бетте «Көңілдің асыл тірегі» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілдің асыл тірегі,
Аңғарған ынтық назарың.
Шыдайды құштар жүрегім,
Болса да ауыр азабың.
Бұл жалғанның байлығы –
Бір сенің нұрлы келбетің.
Болмастай жаным қайғылы,
Жайнатып тұр жер бетін.
Тірліктің бізге берері –
Қара көз нәркес сұлулар.
Сол болар арбап жеңгені:
Бір сүйгізіп, мың улар.
Кейде ерке келер, кейде паң,
Мінездің жоқ қой кемісі.
Өзіңсің сыйлар жержаһан
Махаббат құтты жемісі.
Құпия сырды айтамын:
Қалқамау, саған өкпем жоқ.
Құштарлық отын байқадым,
Алшақтап үнсіз кеткем жоқ.
25.09.1983
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі