Көкшетау – дархан, думан жер
Бұл бетте «Көкшетау – дархан, думан жер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тау жетпес Көкшетауға жер бетінде,
Сөз жетпес теңеу болар келбетіне.
Саясы сексен көлдің жаралыпты
Жүректің жұқа жерін емдетуге.
Қайырмасы:
Мақтауға татыр,
Ерледі батыр
Абылай алаң құрған жер.
Көк майса өрі,
Ән-жырдың төрі
Көкшетау – дархан, думан жер.
Көк мұнар көсем таулар кербез, асқақ,
Ту тіккен бар қазаққа ұран тастап.
Оқжетпес, Сырымбеттер туған екен
Өтуге сұлулықтың көшін бастап.
Қайырмасы.
Қазақтың тарихы бар әр тасында,
Жаңғырды Ақан әні жартасында.
Жалындай Құлагердің желкілдейді
Көшкен бұлт көкшіл таулар алқасында.
Қайырмасы.
1992
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі