Бұл бетте «Магнит аспаны» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2031
Ұласып жалын бұлтпенен,
Тау үстіне бекінді.
Комбинат түсі күп-күрең,
Айбынын атқан секілді.
Сол кезде көкпен астасып,
Көкала түтін ойнады.
Күркілдеп кокс от шашып,
Бұрқылдап болат қайнады.
Тау үстіне жалыннан,
Жап-жасыл аспан орнады.
Темірдің отқа қарылған,
Жосылып жатты жолдары.
1950
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі