Сөйлейді тағдыр сондайда
Бұл бетте «Сөйлейді тағдыр сондайда» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 25.11.2024
- 0
- 0
- 1084
Сағынбай көңіл толғай ма,
Толғанбай қиял торлай ма?!
Махаббат дерті ой қозғап,
Сөйлейді тағдыр сондайда.
Елеңдеп көңіл болжай ма,
Аңсатқан арман, ол қайда?
Дос деген адам қас болып,
Сөйлейді тағдыр сондайда.
«Ауылға жетер жол қайда?..»
Дей қалшы ұшқан торғайға.
Шырылдап саған тіл қатар,
Сөйлейді тағдыр сондайда.
Жезкиік қайда, мен қайда,
Кездесу шаттық жолдай ма?
Ұшарға қанат таба алмай,
Сөйлейді тағдыр сондайда.
Жүйріктен жабы озғанда,
Әділдік жолы тозғанда;
Ашынған жаның күйзеліп,
Сөйлейді тағдыр сондайда.
Қияға қыран қонбай ма,
Алыстан шолсам болмай ма?
Ел мұңы естен бір кетпей,
Сөйлейді тағдыр сондайда.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі