Қызылжарым — құмарым – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қызылжарым — құмарым» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жарқабақта жанғандай қызыл жалын,
Байқап қалдым Есілде қызық барын.
Бала ғашық балдырған еске түсті
Жарқ еткенде алдымда Қызылжарым.
Құба талдың қарашы сызылғанын,
Жел қосылған алмайын үзіп әнін.
Мен келгенде құрбылар қарсы алар ма,
Құпия сыр ақтаршы, Қызылжарым.
Қызыл ішік баяғы қызығарым,
Есіме алсам, елжіреп тізілді әнім.
Құлын білек, аққұба қыз еді ғой,
Мекенжайын айтсаңшы, Қызылжарым.
Сағыныштың жүректе ізі қалың,
Байқайсың ба қамкөңіл бұзыларын?
Бота көзі мөлтілдеп, жаудыраған
Сол қалқатай қайда екен, Қызылжарым?
Сыр ақтарсам, естелік үзім-ғайым,
Белгілі ғой жан құштар қызық жайым.
Балапаны аққудың сияқты еді,
Кездестіріп жіберші, Қызылжарым.

25.02.2003


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылжарым — құмарым өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қызылжарым — құмарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылжарым — құмарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылжарым — құмарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері