Магнит кеші – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Магнит кеші» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2755
Думан боп күнде жатады,
Магнит таудың кештері.
Жалынын жиі атады,
Жарқылдап мартен пештері.
Магнит таудан сарқырап,
От өзендер құлайды,
Ағады құрыш жарқырап,
Қалады қоқыс ылайлы.
Өмірдің отын маздатқан
Магнит таудың кештері.
Жалыннан жалын қоздатқан,
Мартеннің алып пештері.
Жаңартқан дала картасын,
Магнит таудың ерлері.
Магниттей тартасын,
Өз ортаңа сен мені.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері